DataLife Engine > «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыла > «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

«Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 21 мамырдағы
№ 107 қаулысымен бекітілген

"Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. "Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін "Үздік педагог" атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшін құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 173 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 15 мамырында № 11058 тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес Жамбыл облысының облыстық, аудандар мен облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 1 – тармаққа өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы әкімдігінің 24.05.2018 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысы лауазымына орналасу конкурсының қорытындысы туралы еркін түрдегі нысандағы жазбаша хабарлама, не стандарттың 10-тармағында белгіленген негіздеме бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Ескерту. 3 - тармақ жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімдігінің 24.05.2018 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз жүзінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметтіберушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іс–қимылды бастау үшін негіздеме болып еркін нысандағы өтініш табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс–қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:

мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес жүргізіледі;

көрсетілетін қызметті беруші мен комиссия төрағасын, қоса алғанда саны кемінде 5 адамнан тұратын мүшелердің тақ санынан тұратын конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады:

1) қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдау, талдау және тіркеу – 20 минуттан аспайды;

2) конкурсқа қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкестігіне бағалауды жүргізу – 3 жұмыс күн ішінде;

3) біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушыларды кандидат ретінде бекіту, әңгімелесу өтетін күні, уақыты және орны туралы және/немесе әңгімелесуге жіберуден бас тарту туралы хабардар ету – 3 жұмыс күн ішінде;

4) әңгімелесу өткізу – 5 жұмыс күн ішінде;

5) комиссияның қорытынды отырысын өткізу – 5 жұмыс күн ішінде;

6) конкурс қорытындысы туралы хабарлау – 3 жұмыс күн ішінде.

6. Келесі рәсімді (іс–қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1) тіркелген кіріс нөмірі бар өтініш;

2) комиссия отырысының хаттамасы;

3) әңімелесу туралы хабарлама;

4) әңгімелесу хаттамасы;

5) комиссияның қорытынды отырысының хаттамасы;

6) конкурс қорытындысы туралы еркін түрдегі нысандағы жазбаша хабарлама, не стандарттың 10-тармағында белгіленген негіздеме бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Ескерту. 6 – тармаққа өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы әкімдігінің 24.05.2018 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) комиссия хатшысы;

2) комиссия.

8. Әрбір рәсімнің (іс–қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс–қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:

1) комиссия хатшысы қызметті көрсету үшін стандарттың 9 тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдау, талдау және тіркеуді жүргізеді – 20 минуттан аспайды.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы өтініштің көшірмесіне белгі соғу оның қағаз тасымалдағышта қабылданғанын растау болып табылады;

2) өтініштерді қабылдауды аяқтаған соң 3 жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізіп, нәтижелері бойынша комиссия дауыс беру жолымен біліктілік талаптарына сәйкес келген кандидаттардың тізімін бекіту туралы және/немесе әңгімелесуге жіберуден бас тарту туралы шешімдер қабылдайды;

3) комиссия хатшысы 3 жұмыс күні ішінде біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушыларды кандидат ретінде бекіту, әңгімелесу өтетін күні, уақыты және орны туралы және/немесе әңгімелесуге жіберуден бас тарту туралы хабардар етеді;

4) комиссия 5 жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізеді;

5) конкурстың барлық кезеңдері аяқталғаннан кейін комиссия 5 жұмыс күні ішінде қорытынды отырыс өткізеді және конкурсқа қатысушының бос лауазым біліктілік талаптарына сәйкес келуі туралы шешім шығарады;

6) комиссия хатшысы 3 жұмыс күні ішінде қатысушыларға конкурс қорытындысы туралы жазбаша хабарлайды.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану

9. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеудің ұзақтығы:

Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызмет алушымен ұсынылған құжаттарды стандарттың 9-тармағына сәйкестігін қарайды – 20 (жиырма) минут.

Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Ескерту. 9 - тармақ жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімдігінің 24.05.2018 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

10. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:

мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру – 20 (жиырма) минут.

Ескерту. 10 - тармақ жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімдігінің 24.05.2018 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс–қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламентке 1–қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында – www.egov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылады.

 

"Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің
басшылары лауазымдарына орналасу
конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау"

Ескерту. 1 - қосымша жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімдігінің 24.05.2018 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

 

«Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік  көрсетілетін қызмет регламенті

 




 





Вернуться назад