DataLife Engine > «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негі > Мемлекеттік тапсырысты орындауға конкурс

Мемлекеттік тапсырысты орындауға конкурс

ХАБАРЛАНДЫРУ

Шу қаласында жекеменшік балабақшаларда мектепке дейінгі оқу мен тәрбие бойынша Батыс мөлтек ауданында 75 орынға мемлекеттік тапсырысты орындауға конкурс жарияланады.

Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары«Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мынадайқұжаттар ұсынады:

1) комиссия төрағасының (төрайымының)атына ерікті нысандағы өтініш(К.Қожағаппанова);

2) бизнес сәйкестендіру нөмірі тағайындалған заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасының, жарғының, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің, банктен қарызының жоқтығы туралы және салық органдарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі;

3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы құжаттардың көшірмесі (жекеменшік немесе жалға алу);

4) медициналық кабинеткелицензияның немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен қызметтің көрсетілуіне жасалған шарттың көшірмесі;

5) білім беру органдарының жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес бекітілген ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеу туралы жеткізушінің міндеттемесі. Жеткізуші міндеттемесінің нысаны ерікті.

Растайтын құжаттар:

1) көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің2015 жылғы 17 наурыздағы№ 217 бұйрығымен бекітілген «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілерінеқойылатынсанитариялық-эпидемиологиялық талаптар»санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкестігі;

2) санитарлық ережелербойынша материалдармен және құралдармен жабдықтаудың қажетті деңгейіне сәйкестігі;

3) тәрбие мен оқыту бағдарламаларының Стандарт талаптарына сәйкестігі.

Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді комиссия конкурс негізінде таңдап алады.

Жеткізушіні конкурс арқылы таңдаудың қосымша критерийлері:

1) тәрбиешілердің жалпы санынан олардың 10%-дан кем емес жоғарғы және бірінші санаттағы үлесі;

2) мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметін ұсыну бойынша тәжірибенің болуы.

Құжаттар Төле би ауылы, Егемберді көшесі № 2 үй, Шу аудандық білім бөлімінің № 10 кабинетінде 23-30 аралығында, сағ 9:00-19:00 ге дейін қабылданады.




Вернуться назад