DataLife Engine > Акциялар және митингтер > «Мектепке жол» акциясы бойынша 1-30 шілде аралығында өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет

«Мектепке жол» акциясы бойынша 1-30 шілде аралығында өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет

«Мектепке жол» акциясы бойынша 1-30 шілде аралығында өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет

Шу ауданы бойынша Республикалық «Мектепке жол» акциясы 1 шілде айынан 30 қырқүйекке дейін « Жүректен жүрекке» деген үндеуімен өткізілуде.

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі Республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізу мақсатында 10 шілде 2019 жылы № 420 бұйрығы шығарылып іс-шаралар жоспарланып іске асырылуда.

М.Макатаев атындағы орта мектебінде «Мектепке жол» акциясының өткізу барысы, іс- шаралар жоспарымен таныстыруы бойынша тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарлары мен әлеуметтік педагогтарға жиналыс өткізілді.

Аудан әкімінің орынбасары бекіткен «Мектепке жол» акциясының іс-шаралар жоспары бойынша төмендегідей жұмыс жүргізілуде: жергілікті «Шу өнірі» баспасөзіне 13 шілдедегі №-58, 20 шілдедегі №-60 номерлерінде «Мектепке жол» атты республикалық қайырымдылық акцияға қатысайық деген үндеу хаты жарияланды. 24 шілдедегі № 61 номерінде «Игілікті іс жасауға асығайық» мақаласымен Т.Әшімбаев, Алға орта мектептерінің мақалалары, 31 шілдедегі №63 номерінде Абай/қ/ атындағы орта мектебінің «Спешите делать добро!» мақалалары «Шу өнірі» газетінде жарияланды.

Аудан бойынша 1-30 шілде аралығында «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан балаларға көптеген демеушілер оқу құралдармен, спорттық киімдер, аяқ киіммен қамтамсыз етті.

Жеке қожалықтар: С.Мадалиев, М.Сағындықов, М.Дауылбаев, М.Шашубаев; Төле би/а/,С.Шәкіров,Ш.Уалиханов,М.Мақатаев,Еңбекши, Ы.Алтынсарин/қ/, С.Мұқанов бм, Көктөбе бм, Жиенбет нм,Төле би/қ/ С.Сейфуллин атындағы орта мектептердің ұжымдары, мектептердің қамқоршылық кеңесінің төрағалары мен төрайымдары Т.Көбелеков, А.Карибаева, Ш.Кенжебекова, А.Карсыбекова; Ақтөбе ауылы мешітінің имамы А.Қоспанов, Шу қаласының бейнеоператорлар, Шу аудандық баспасының бас редактор Н.Қадырбеков, Сауда сервис орталығының басшысы В.Лыткин.

Жеке кәсіпкерлер:Ж.Төлендиев, Л.Гребенюк, Г.Кулжанова, Б.Абуев, А.Амирмұхаммедұлы, Шу аудандық мәслихат хатшысы Е.Өміралиев, аудандық мәслихат депутаты А.Жандабаева, ЖШҚ Б.Мусаев, ауыл тұрғындары М.Турдалиев.

Аз қамтылған және көп балалы отбасыларындағы оқушыларды мектепке қажетті құрал-жабдықтармен, кеңсе тауарлармен, киіммен және аяқ киіммен, спорттық тауарлармен 1-30 шілде аралығында 330 оқушы 6 млн. 180 мың теңгеге қамтамасыз етілді.

Жергілікті бюджет есебінен 5 млн теңге 200 оқушы, демеушілердің көмегімен 1млн 180 мың теңге-130 оқушыға көмек берілді.

«Мектепке жол» акция барысында мөлтек аудандарында

шілде аралығында 2040 ауланы/пәтерді/ 136 мұғалім аралады.



Вернуться назад